Бокс

Қазақстан бокс федерациясының жаңа басшысы ұлттық құрамамен кездесті

Қазақстан бокс федерациясының жаңа басшысы ұлттық құрамамен кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан бокс федерациясының жаңадан сайланған президенті Шахмұрат Мүтәліп ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлерімен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов жаңа басшыға Италияда өтетін рейтингтік турнирге баратын спортшыларды таныстырды. Кейін Шахмұрат Мүтәліп спортшыларға сәттілік тілеп, жұмыла еңбек етуге шақырды.

«Маған дауыс беріп, қолдап осы федерацияның басшысы етіп тағайындап отыр. Бәріңіз білесіздер алдымызда өте үлкен міндет тұр. Бокс біздің ұлттық спортымыз ғой. Бүкіл халық және президентіміз бізге үміт артып отыр. Ең бастысы, келе жатқан Олимпиадаға дайындығымызды шыңдауымыз керек. Осы орайда жеке өздеріңізбен танысып, дайындықтарыңызды, жағдайларыңызды көрейін деп келген жайым бар. Біз барлық қолдан келетін жұмысты, жағдайды жасауға дайынбыз. Әрине ақырғы нәтижені өздеріңізден күтеміз. Бірақ мақсатымызға жету үшін қандай да бір жағдайлар болса, сұрақтар болса, соның бәрін орындап, барлық жағдайды жасауда аянып қалмаймыз», – деді федерация басшысы.

Сондай-ақ Шахмұрат Мүтәліп бокс федерациясының бұрынғы басшысы туралы сөз қозғады.

«Кеңес Хамитұлының да біздің боксқа сіңірген еңбегі өте көп. Ол кісі алысқа кеткен жоқ. Бокс федерациясының құрметті президенті болып қалды», – деді Шахмұрат Мүтәліп.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер