Болашақ кубогына қатысатын Қазақстан жастарының құрамы белгілі болды
![Болашақ кубогына қатысатын Қазақстан жастарының құрамы белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/203991_72274f39775f13ac7b4e8fe6a0d65189.jpg?v=28686857)
Қазақстан жастар құрамасы 7-11 ақпан аралығында Минскіде өтетін «Болашақ кубогы» үшін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының қарсыластары 16 және 17 жасқа дейінгі Ресей, сондай-ақ 20 жасқа дейінгі Беларусь құрамалары болады. Сондай-ақ кубок аясында 3х3 форматында жарыстар өтеді.
Жаттықтырушылар штабы турнирге келесі құрамды ұсынды:
Қақпашылар: Владимир Истомин (АКМ-Юниор, Тула, МХЛ), Руслан Кәкенов (Ястребы, Орал);
Қорғаушылар: Данила Беляков («Торпедо», Өскемен), Роман Большедворский, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетко, Даниал Шақшақбаев, Мстислав Шипилин, Егор Шимин (барлығы «Барыс», ЖХЛ), Глеб Лукавенко («Красноярск Красноярск ЖХЛ»);
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Арыстан Амырқанов, Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Егор Левковец, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Асанәлі Саркенов, Семен Симонов (барлығы – «Барыс», ЖХЛ) Владимир Корчагин- 2005»), Данила Пиниди («Бейбарыс», Атырау)
Жаттықтырушылар құрамы:
Бас бапкер – Сергей Старыгин
Жаттықтырушы – Алексей Обухов
Қақпашылардың жаттықтырушысы – Алексей Кузнецов.