Испания ұлттық құрамасының қорғаушысы 70 метр қашықтықтан гол соқты (видео)

Испания ұлттық құрамасының қорғаушысы 70 метр қашықтықтан гол соқты (видео)

Сауд Арабиялық «Әл-Наср» мен америкалық «Интер Майами» футбол клубтары арасындағы жолдастық кездесуде ерекше гол салынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

<span> Ойынның 12-минутында «Әл-Наср» клубының қорғаушысы Эмерик Лапорт өз алаңынан айып добын теуіп, қарсылас қақпасына дәл соққы бағыттады. Осылайша есепті 3:0-ге жеткізді. Айта кетейік, Эмерик Лапорт осыған дейін «Манчестер Сити» футбол клубында ойнаған. Ол «Әл-Насрға» өткен жылдың тамыз айында қосылды.</span>

<br />Еске салайық, «Әл-Наср» футбол клубы америкалық «Интер Майамиді» 6:0 есебімен жеңген еді. Бұл матчқа Роналду жарақатына байланысты қатыспады.

<span>Ал Месси қосалқы құрамда қалып, алаңға тек 83 минутта шықты. Десе де «Интер Майами» сапында Мессидің «Барселона» клубындағы бұрынғы әріптестері Луис Суарес, Бускетс және Жорди Альба өнер көрсетті.</span>Қазір футболдан Сауд Арабия чемпионатының турнир кестесінде «Әл-Наср» 46 ұпаймен 2-орында тұр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или