Әлем футболы

Бүгін түнде Месси мен Роналду командалары жолдастық ойын өткізеді

Бүгін түнде Месси мен Роналду командалары жолдастық ойын өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін түнде әйгілі аргентиналық Лионель Месси мен португалдық Криштиану Роналду ойнайтын "Интер Майами" мен "Әл-Наср" командалары кездеседі. Екі футболшы үшін бұл жасыл алаңдағы соңғы текетірестердің бірі болуы да мүмкін. 

Бір жарым жыл бұрын футбол жанкүйерлері Сауд Арабиясы чемпионаты мен MLS ойындарына назар салмайтын. Ал қазір спортсүйер қауым бұл жаққа да алаңдап отыратын болды. Екі танымал футболшының командасы бүгінде әлем назарын өзіне аударып отыр. Ойын Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады. 

Бұл кездесу Роналду мен Мессидің өзара соңғы ойыны болуы да мүмкін. Ұйымдастырушылар болса жасыл алаңдағы кездесуге "last dance" (соңғы би) деп атау да берген. Бірақ Роналдудың алаңға шығу, шықпауы белгісіз. Португалдық ойыншы жарақатына байланысты команданың кейінгі ойындарына қатысып жүрген жоқ. Кей ақпарат құралдарының жазуы бойынша, Роналду бүгінгі ойынға дайын болып қалуы да мүмкін. 

Түпнұсқасы: massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер