русский язык

Бюджеттен спорт түрлеріне қанша қаражат бөлінеді

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев елімізде спорт түрлерін дамыту үшін қанша қаражат жұмсалатынын мәлім етті.

«Спорт саласына жалпы облыстық, жергілікті және республикалық бюджеттерді қоса алғанда шамамен 290 млрд теңге бөлінеді», - деді вице-министр Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысынан кейін.

Оның атап өтуінше, биыл қаржыландыру сомасы бұған дейін белгіленген деңгейде қалады. Бірақ мемлекет тарапынан қаржыландырылатын спорт түрлерінің саны қысқартылады.

«Біз қаражатты шашып жібермеу мақсатында оны шоғырландырып, басымдыққа ие спорт түрлеріне жұмсағымыз келеді. Бұл олимпиадалық спорт түрімен айналысатындар санын арттырады, олимпиадалық спорт түрлері ішіндегі бәсекелестікті жандандырады. Бүгінде олимпиадалық спорт түрлерінен кетіп жатқандарды да көріп отырмыз. Жалпы, бөлінген қаржының жалпы сомасы қалады. Ол олимпиадалық спорт түрлері арасында бөлінеді», - деді Серік Жарасбаев.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;