Әлем футболы

Жапония Азия кубогының ширек финалына сенімді өтті

Жапония Азия кубогының ширек финалына сенімді өтті
news-banner7
mobile-news-top

Жапония құрамасы 2023 жылғы Азия кубогының 1/8 финалында Бахрейн командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:1 есебімен жапондықтардың жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздардың голдарын Рицу Доан (31-минут), Такефуса Кубо (49-минут) және Аясе Уэда (72-минут) соқты. 

Осылайша Жапония құрамасы Иран-Сирия кездесуінің жеңімпазымен ойнайтын Азия кубогының ширек финалына оңай жолдама алды. Осы ойыннан кейін барлық ширек финалдық жұптар белгілі болады. Оның үшеуі қазірдің өзінде белгілі: Тәжікстан – Иордания, Австралия – Оңтүстік Корея, Катар – Өзбекстан. Айта кетейік, Катар құрамасы Азия кубогының қазіргі жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер