Әлем футболы

«Ливерпульді» Клопптан кейін кім баптауы мүмкін екені белгілі болды

«Ливерпульді» Клопптан кейін кім баптауы мүмкін екені белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Француз маманы Зинедин Зидан бапкерлік қызметіне қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Todofichajes басылымының мәліметінше«Ливерпуль» басшылығы Зиданды команданың бас бапкері етіп тағайындауға мүдделі. «Ливерпуль» өкілдері бұған дейін «Реалдың» бұрынғы бапкерінің Премьер-лигада жұмыс істеуге дайын немесе дайын еместігін білу үшін Зиданның жақындарымен байланысқа шыққаны атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қаңтарда «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп осы маусымның соңында клубтан кететінін мәлімдеген болатын. Неміс маманы өз мәлімдемесінде енді команданы жаттықтыруға күш-қуаты жетпейтінін ашық айтты.

56 жастағы неміс маманы ағылшындық «Ливерпульді» 2015 жылдың 8 қазанында баптады. Осы уақыт ішінде Юрген Клопп клуб қоржынына жеті жүлде салды. Клопп кезінде «Ливерпуль» Чемпиондар лигасын, Премьер-лиганы, Лига кубогын, Англия кубогын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер