русский язык
Әлем футболы

«Сельтаның» бұрынғы капитаны үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

«Сельтаның» бұрынғы капитаны үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

«Сельта» клубының бұрынғы капитаны Уго Мальо темір тордың ар жағында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қорғаушы сексуалдық зорлық жасады деп айыпталып, сот алдында жауап береді. Бұл туралы AS хабарлайды.

Оқиға 2019 жылдың 24 сәуірінде «Эспаньолмен» матч алдында болған. 32 жастағы футболшы қыздың кеудесін ұстады деп айыпталып отыр.

Қылмыстық кодекстің 181-бабының 1-тармағына сәйкес, испандық футболшыға айыппұл салынады, 18 айдан 24 айға дейін жәбірленушіге өтемақы төлеп тұрады немесе бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бүгінде Уго Мальо Бразилияның Интернационалында ойнайды. Мальо «Сельта» сапында 448 матч өткізіп, 12 гол соғып, 28 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;