русский язык
ММА

UFC қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегін ресми жариялады

UFC қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегін ресми жариялады

UFC Eurasia парақшасы қазақстандық файтер Азат Мақсұмның келесі жекпе-жегінің анонсын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осы сенбіде UFC Vegas 85 турнирінде жеңілмеген Азат Мақсұм октагонға оралды!», - деп жазды промоушен.

Айта кетейік, кәсіпқой ММА-дағы рекорды 17-0 болған отандасымыз 4 ақпанда жекпе-жек өткізеді. Мақсұмның қарсыласы бұған дейін Қазақстанның тағы бір өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңген америкалық Чарльз Джонсон болмақ.

Азат UFC-дегі дебютін былтыр шілде айында өткізді, онда Тайсон Нэмды жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;