русский язык
Әлем футболы

Азия футбол кубогы: Тәжікстан құрамасы ширек финалға шықты

Азия футбол кубогы: Тәжікстан құрамасы ширек финалға шықты

Қатарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогында Тәжікстан құрамасы ширек финалға жолдама алды.

Тәжікстан құрамасы 1/8 финалда Біріккен Араб Әмірлігі футболшыларымен күш сынасты.

Тәжік футболшылары құрлықтық додаға биыл тұңғыш мәрте қатысып отыр.

Соған қарамастан А тобында Қытай мен Ливанды артқа салып, екінші орынға табан тіреді. Алда тек Қатар құрамасы бар, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінгі кездесуде тәжікстандық футболшылар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде Вахдат Ханонов 30-минутта қарсылас құрама қақпасынан саңылау тауып кетті.

БАӘ құрамасы алға қарай ұмтыла түсті. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Ойынның 95-минутында олардың қатарынан Халифа Аль-Хаммади таразы басын теңестірді.

Осылайша ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти сериясында тәжкістандықтар мүлт кетпей, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді олар ¼ финалда 2 ақпанда Ирак және Иордания жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетсек, Тәжікстан құрамасы құрлықтық додада тұңғыш мәрте бақ сынап отыр.

Сондай-ақ, 1/8 финалда Австралия құрамасы Индонезияны 4:0 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды.

Жарыстың аталған сатысында 29 қаңтарда Қатар мен Палестина, Ирак пен Иордания ойнайды.

Ал Өзбекстан құрамасы 30 қаңтарда 1/8 финалда Таиландпен кездессе, бұл күні Сауд Арабиясы мен Оңтүстік Корея шеберлік байқасады.

31 қаңтарда Иран мен Сирия, Бахрейн мен Жапония жасыл алаңға шығады.

Құрлықтық додада F тобында Сауд Арабиясы, Таиланд, Оманды алға салып, төртінші орынды місе тұтқан Қырғызстан жарысты ерте аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;