«Төзімді». Танымал инсайдер қазақстандықтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі туралы
![«Төзімді». Танымал инсайдер қазақстандықтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі туралы](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_0340ed67f8d31c98ea5ed8e5ae5f44d0.jpg?v=28664344)
Аралас жекпе-жек саласындағы танымал инсайдер, Eurosport Nederland журналисі әрі Tapology.com редакторы Марсель Дорфф Prosports.kz сайтына қазақстандық файтер Азат Мақсұмның UFC-дегі екінші жекпе-жегі туралы пікір білдірді.
«Мақсұм бұл жекпе-жекте жеңіске жете алады. Оның партердегі әрекеттері жақсырақ. Сонымен қатар, Джонсон өте құмар және төзімді. Өткен жолы Азат Неммен өте қиын жекпе-жек өткізді. Мақсұм төрешілер шешімімен жеңіске жетеді деп күтемін», - деді сарапшы.
3 ақпанда Мақсұм (17-0) америкалық Чарльз Джонсонмен (13-6) кездеседі. Жекпе-жек АҚШ-та UFC Fight Night Las Vegas турнирінде өтеді деп жоспарланған. 2022 жылы 19 қарашада UFC аясында өткен жекпе-жекте Джонсон қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловты (15-9) жеңген болатын.