русский язык
Әлем футболы

Зиданның қай клубты басқаратыны белгілі болды

Зиданның қай клубты басқаратыны белгілі болды

«Реалдың» бұрынғы бапкері Зинедин Зидан мансабын «Марсельде» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport.es сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің айтуынша, маман Франция құрамасынан ұсыныс күтіп жүргендіктен Алжир құрамасын жаттықтырудан бас тартқан.

Бұған дейін Сауд Арабиясының корольдік әулетінің мүшесі, ханзада Абдулла Саад Абдулазиз Аль Сауд «Марсельді» сатып алып, Зиданды команданың бас бапкері қызметіне шақыруы мүмкін екенін айтқан болатын.

28 ұпай жинаған «Марсель» Франция чемпионатының турнирлік кестесінде жетінші орында келеді.

Зидан ойыншы ретінде Франция құрамасының сапында әлем және Еуропа чемпионы атанды. Ойындық мансабын аяқтағаннан кейін ол жаттықтырушылыққа ауысып, «Реалды» басқарды, онымен екі рет Испания чемпионы болды және үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;