Әлем футболы

Футболдан Африка ұлттар кубогының плей-офф кезеңіне кімдер жолдама алды?

Футболдан Африка ұлттар кубогының плей-офф кезеңіне кімдер жолдама алды?
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Африка ұлттар кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың аталған сатысында әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрама мен үшінші орын алғандар арасында үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама бақ сынайды.

Олардың қатарында Марокко, Оңтүстік Африка, Мали, Сенегал, Кабо-Верде, Египет, Экваториалды Гвинея, Нигерия, Ангола, Намибия, Камерун, Гвинея, Конго Республикасы, Мавритания, Кот-д'Ивуар, Буркина-Фасо құрамалары бар.

1/8 финал ойындары 27-30 қаңтар күні өтеді.

Жарыстың аталған сатысында құрамалар төмендегіше жұп құрады:

Марокко - Оңтүстік Африка

Мали - Буркина-Фасо

Сенегал - Кот-д'Ивуар

Кабо-Верде - Мавритания

Египет - Конго Республикасы

Экваториалды Гвинея - Гвинея

Нигерия - Камерун

Ангола - Намибия

Африка ұлттар кубогы 11 ақпанда мәресіне жетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Мохамед Салах пен Садио Мане Африка ұлттар кубогына қатысатыны хабарланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер