Азат Мақсұм Алмабаевтың алдағы жекпе-жегіне болжам жасады
![Азат Мақсұм Алмабаевтың алдағы жекпе-жегіне болжам жасады](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_b305838fa03235920dc5e291e17ff91a.jpg?v=28700697)
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм (17-0) SPORT+ арнасына берген сұхбатында отандасы Асу Алмабаевтың (18-2) Си Джей Вергараға (9-4) қарсы жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алмабаевтың жекпе-жегі туралы пікірім? Асудың грэпплингі жоғары деңгейде. Ол өзінің ең жақсы қасиеттерін пайдалануы керек. Қарсыласын не қылқындыру әдісімен жеңеді, не нокаутқа түсіреді деп ойлаймын», - деді Мақсұм.
Алмабаев пен Вергара арасындағы жекпе-жек 2024 жылдың 9 наурызында Майамиде (Флорида, АҚШ) UFC 299 турнирінде өтеді.