Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің екінші айналымына өте алмады
![Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің екінші айналымына өте алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/203991_8318acec58b4a975472a27249e7f7e3c.jpg?v=28700853)
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Оттини-Лувен-ла-Нев қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Евсеев бірінші айналымда бельгиялық Готье Онклиннен 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды.
Онклин екінші айналымда Б.Паир (Франция) - Л.Ридл (Швейцария) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.