русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Australian Open 2024 турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Australian Open 2024 турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық Асылжан Арыстанбекова Беларусь өкілі Юлия Перепихинамен жұптасып, Мельбурн қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Australian Open 2024 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің ширек финалдық кездесуінде Арыстабекова/Перепехина жұбы ұлыбританиялық Ханна Клугман/Мингге Сю дуэтінен 2:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Спортшылар кортта 51 минут уақыт өткізді.

Турнирдің жартылай финалында ұлыбританиялықтар Й.Стусек (Германия)/Й.Патикова (Чехия) жұбына қарсы кездеседі.

Фото: сайт ktf.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;