«Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында өзбек клубын жеңе алмады
![«Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында өзбек клубын жеңе алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/203991_5cfd7febbe7e5f63c21b6357292698a4.jpg?v=28700620)
Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында сынақ матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық команда Өзбекстанның «Сурхан» клубымен кездесті. Матч 1:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, «Қайсар» сапынан Йован Пайевич гол соқты.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық клуб келесі сынақ кездесуін бүгін сербиялық Радникке қарсы өткізеді.
Матчтағы «Қайсардың» бастапқы құрамы: Сикач, Кеңесбек, Приндета, Йован, Қалмұратов, Сахалбаев (к), Совпел, Милоико, Норбеков, Махан, Жаңғылышбай.