Қазақстандық боксшы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады
Танымал қазақстандық боксшы Ангелина Лукас шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы WIBA әлем чемпионы атағы үшін кездесу өткізеді. Оның қарсыласы пәкістандық 24 жастағы боксшы Рома Юсуф болады.
«Қайырлы таң, менің сүйікті елім және барша бокс жанкүйері. Сіздерге қуанышты жаңалық айтқым келеді, мен 31 қаңтарда рингке ораламын. Бұл менің мансабымдағы 7-інші жекпе-жегім болады! WIBA әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасамын. Бұл атаққа Мұхаммедтің қызы Әли-Лейла Әли, сонымен қатар әлемнің абсолют чемпионы Наталья Рагозина сияқты аңыздар және басқа да көптеген әйел боксшылар ие болды, бұл шын мәнінде әйелдерге арналған титул, сондықтан афиша да осы стильде болып тұр! Мен бұл титулға таласып, әдемі боксты және жаттығуда қандай жұмыс істегенімізді көрсетуге өте қуаныштымын!», — деді Лукас.