«Манчестер Юнайтедтің» жаңа қожайыны бапкер ауыстырады
"Манчестер Юнайтед" басшылығына келген сэр Джим Рэтклифф клубта үлкен өзгерістерді бастағалы тұр.
71 жастағы миллиардер қазіргі бас бапкер Эрик тен Хаагке көңілі толмайды. Бұл туралы белгілі журналист Майк МакГрат хабарлады.
Рэтклифф команданы "Челси" мен "Брайтон" клубын жаттықтырған Грэм Поттер басқаруы керек деп санайды. Клуб басшылары бұл маманмен жақын арада келіссөздерді бастауға дайындалып жатыр.
Грэм Поттер көктемнен бері жұмыссыз. Оның қызметіне Швеция футбол федерациясының, «Лион» және «Наполи» клубтарының басшылығы қызығушылық танытқан. Алайда екі жақ келісімге келе алмаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или