Сабина Алтынбекова өзіне қатысты сыпсыңдарға жауап жазды

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жапониялық клубқа ауысқалы өзіне қатысты өсек-аяңға салынған отандастарына жауап берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Спорттан мүлде хабары жоқ адамдарға айтайын, клуб пен Қазақстан құрамасы екі бөлек дүние. Маған қолдау көрсетіп отырған барша жұртқа рахмет», - деп жазыпты С.Алтынбекова.

Естеріңізге саламыз, Алтынбекова Жапония біріншілігінің екінші дивизионында өнер көрсетіп жүрген GSS Sunbeams клубында ойнауға келіскен болатын. 18 жастағы спортшы қыз жапониялық командаға тамыз айында ауысып, жаттығуды бастағанына 1 айдан асып қалды.

Сабинаның анасы Нұрипа Алтынбекова қызының Жапонияға ауысу себебін былайша түсіндірген болатын:

«Клубпен арадағы келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ. Қазақстан Волейбол федерациясы оны Жапонияға біліктілігін арттыру үшін жіберіп отыр. Сабина міндетті түрде Қазақстан құрамасында ойнайды. Ол бірінші кезекке спортты, волейболды қояды, ал сұлулық екінші орында. Бұл жолды қызымның өзі таңдады, ал біз оны толығымен қолдаймыз және Федерацияға алғысымызды білдіреміз».

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или