Сабина Алтынбекова бір жыл бойы Токиода жаттығатын болды

Сабина Алтынбекова бір жыл бойы Токиода жаттығатын болды

Сабина Алтынбекова Токионың GSS Sunbeams волейбол клубымен келісімшартқа отырды. Қазақстандық бапкерлер спортшы қызды Жапонияда бір жылдық жаттығуға жіберіпті. Одан келген соң Сабина Алтынбекова Қазақстанның ұлттық құрамасына алынуы мүмкін.

«Сабина (Алтынбекова – ескерту) бір айдан бері Жапонияда жаттығып жатыр. Ол бір жылға келісімшартқа отырды, аяқталған соң Қазақстанға қайта оралады. Ол Қазақстанның құрамасына алыну үшін машығын шыңдауға кетті», - деді спортшының бапкері Николай Дьяченко.

Қазақстанның волейбол федерациясы да Алтынбекованың Токионың екінші лига клубына кеткенін растады. Онда бұл шешімді волейболшы қыздың біліктілігін жоғарылату қажеттілігінен туындады деп түсіндірді.

«Келісімшарт бір жылға бекітілді. Бұл ол үшін белгілі бір тағлымдамадан өту сияқты. Ол жаттығып, екінші лигадағы GSS Sunbeams клубы үшін өнер көрсететін болады. Сондай-ақ шартта жарнамалық бап бар, яғни ол жақта Сабинаны қазақстандық волейболшы деп таныстыратын болады», - деп нақтылады Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев.

BNews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или