Мөлдір Мұратова: «Қазақстан құрамасын жаңарту қажет»

«Қазығұрт» волейбол клубының капитаны Мөлдір Мұратова «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құрамамыз бен ел чемпионатының кемшіліктері жайлы айтып берді.

«PROСПОРТ Қазақстан» анықтамасы:

Мөлдір Манарбекқызы Мұратова

Туған жылы: 2 мамыр 1994 ж.

Туған жері: ШҚО, Тарбағатай, Ақжар ауд.

Бойы: 180 см

Салмағы: 69 келі

Командасы: «Қазығұрт» ВК, Қазақстан жастар құрамасы

«Волейболдағы алғашқы қадамым»

Волейболмен ауылда айналаса бастадым. Жетінші сыныпта дене шынықтыру мұғалімі менен болашақта жақсы волейболшы шығады деп өзімен бірге Өскемен қаласына алып кетті. Онда мен спорт мектебінде екі жыл оқып, артынша Орал қаласындағы жергілікті клубпен келісімшартқа отырдым. Сонымен қатар мені жасөспірімдер Ұлттық құрамасына шақырды. Қазан қаласында жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үшінші орын алған болатынбыз. Кейін Алматыға аттанып, жергілікті «Алматы» волейбол клубына қосылдым.

«Ұлттық құрамамызға іліну өте ауыр»

«Алматы» сапында ел чемпионатын екі рет жеңіп, бір рет күміс медаль иелендім. Қазақстанның жастар құрамасында негізгі ойыншылардың бірі болдым. Қазір жасым 21-де, Қазақстан құрамасына шақырту күтіп жүрмін. Бірақ қазір Ұлттық құрамаға жас ойыншыларды шақырмай жатыр, өзіңіз командадағы ойыншылардың жасын қарасаңыз – барлығы 28-ден асқан волейболшылар. Менің ойымша, Қазақстан құрамасын жаңарту қажет.

«Бізге мықты мамандар жетіспейді»

Еліміздің чемпионаты жайлы айтатын болсақ, бізге мықты мамандар жетіспейді. Сондай-ақ, ел біріншілігінде легионерлер көп. Өзбасым волейболды қатты ұнатамын. Бірақ қаржылық тұрғыда онымен айналасу қолайсыз, жалақы аз. Болашақта бәлкім өз мамандығым бойынша жұмыс істеймін.

«Сүйікті ойыншым – Шейла Кастро»

Волейболдағы ең сүйікті ойыншым – Шейла Кастро. Сондай-ақ, Сана Жарлығасова мен Коринна Ищимцеваны үлгі тұтамын.

«Сәбина Алтынбекова – талантты волейболшы»

Сәбина Алтынбекованы жақсы танимын. Ол жас әрі талантты волейболшы. Тәжірибесі аз болғанымен болашақта үлкен жұлдызға айналатынына сенімдімін. Бірақ қазіргі таңда оған жергілікті және шетелдік БАҚ көп көңіл аударуда. Қысым жоғары. Содан Сәбинаның басы айналып кетуі мүмкін. Осының бәрі оған волейболпен айналасуға кедергі ететіні анық.

«Қазығұрт» көбінде жас ойыншылардан жасақталған»

Командамыз жас. «Қазығұрттың» құрамасы жиі жаңартылып тұрады. Қазір Жоғары лигада өнер көрсетеміз. Әзірге жетістіктеріміз көңіл қуантарлық емес, алайда болашақта жақсы нәтижеге жетеміз деген ойдамын.

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или