Қазақстан құрамасының тарихындағы басты матчқа кім төрелік етеді

Қазақстан құрамасының тарихындағы басты матчқа кім төрелік етеді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Словения – Қазақстан матчының бас төрешісі болып поляк Шимон Марчиняк тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

42 жастағы төреші 2011 жылдан бері ФИФА төрешісі қызметін атқарады және УЕФА элиталық төрешілер санатына кіреді.

Марчиньяктың мансабындағы басты жетістігі - 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының финалына тағайындалуы - ол Аргентина-Франция матчында (3:3, пенальти - 4:2) бас төреші қызметін атқарды. Өзінің жұмысы үшін поляк төрешісі оң пікірлер алды.

Сондай-ақ биыл Шимон Марчиняк Чемпиондар лигасының финалында «Манчестер Сити» мен «Интер» (1:0) ойынында жұмыс істеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0