Әйгілі қазақстандық файтер желтоқсан айында өтетін «Нашего Дела» турнирінде жұдырықтасады
 
                  Танымал қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай биылғы жылдың желтоқсан айында «Нашего Дела» поп ММА промоушені аясында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстандық спортшының қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.
Қасымбай соңғы жекпе-жегін осы жылдың маусым айында Алматыда өткен Nomad FC промоутерлік турнирінде ресейлік Никита Солонинмен өткізген болатын. Бұл текетіресте Мұратбек бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіске жетті.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или