Хамас Израиль құрамасының ойыншыларына зымыран атқылады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызПалестиналық Хамас қозғалысының зымыран атуынан басталған әуе шабуылы ескертуіне байланысты Израиль құрамасының ойыншылары автобусты тастап, жол жиегіне тығылуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойыншылар Тель-Авив әуежайына жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Астана уақытымен 01:45-те өтетін Косово құрамасымен Еуро-2024 іріктеу матчына ұшу үшін бара жатқан.
«Біздің шындық. Әуежайға бара жатқан жолда», - деп жазды Мәскеудің «Динамосы» мен Израиль құрамасының қорғаушысы Эли Даса әлеуметтік желіде. Футболшы оқиғаның суретін де жариялады.