Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшінің матчы күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Севильяда (Испания) өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Путинцева словениялық Тамара Зиданшекпен кездесіп, 2:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде словениялық спортшы екінші партиядан кейін матчты жалғастырудан бас тартты.
Матч 1 сағат 19 минутқа созылды. Қазіргі уақытта текетірес есебі 1:1.
Бұған дейін Анна Данилина Кая Юваннан 1:6, 0:6 есебімен жеңілген болатын.
Еске салайық, кеше Қазақстан құрамасы Аустралия құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.