Теннис

Билли Джин Кинг: Қазақстан – Аустралия кездесуінің тікелей трансляциясы

Билли Джин Кинг: Қазақстан – Аустралия кездесуінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Севильяда (Испания) әйелдер құрамалары арасында теннистен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда капитаны Ярослава Шведова, сондай-ақ Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағындықова Севильяға барып, жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Бүгін Қазақстан құрамасы Аустралиямен кездесу өткізеді.

Кездесудің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады, оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жүлде қоры 9,6 млн доллар. Турнир жеңімпазы $2,4 млн, вице-чемпион $1,44 млн, жартылай финалға шыққандар $960 мың алады. Ал топтық кезеңнен өте алмаған командалардың әрқайсысы $480 мың алады

Билли Джин Кинг кубогы 12 қарашаға дейін жалғасады. Ақтық кезеңге Швейцария, Аустралия, Канада, Чехия, Франция, Германия, Италия, Қазақстан, Польша, Словения, Испания және АҚШ командалары қатысып жатыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0