Зайнутдиновтың «Бешикташы» атақты бапкермен келіссөз жүргізіп жатыр
Киевтің «Динамосының» бұрынғы бас бапкері Мирча Луческу мансабын қайта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sport.ro сайтының хабарлауынша, 78 жастағы румыниялық бас бапкер Сенол Гүнеш қазан айында кеткен «Бешикташпен» келіссөздер жүргізіп жатыр.
Луческу бұған дейін «Бешикташты» 2002-2004 жылдар аралығында жаттықтырған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов өткен жазда «Бешикташтың» ойыншысы атанған болатын. Ол түрік клубы сапында барлық турнирлерде 13 кездесу өткізіп, бір гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или