Чемпиондар лигасының матчы үлкен сенсациямен аяқталды

«Барселона» Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталондықтар сырт алаңда «Шахтерден» ұтылды. Матч Гамбургте өтті.
Украиналық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз гол матчтың 40-минутында соғылды, ол кезде Украина құрамасының шабуылшысы Даниил Сикан cоқты.
Осылайша, 9 ұпаймен «Барселона» Н тобында 1-орында қалды. «Шахтер» 6 ұпай және 3-ші орынға ие болды.