Бокс

Техникалық жеңіс. Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионы атанды

Техникалық жеңіс. Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Бексұлтан Қайратұлы бокстан жасөспірімдер арасында Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол ауыр салмақта (80 келіден жоғары) финалда үндістандық Хемант Сангванмен жұдырықтасты. Жекпе-жекте Қайратұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Екінші раундтың соңында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Бірнеше секундтан кейін үндістандық боксшы екінші рет нокдаун алып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0