«Ордабасы» бапкері «Жетісуға» қарсы матч жайлы ойын айтты

«Ордабасының» бапкері Александр Седнев Премьер-Лиганың 24-туры аясында «Жетісуға» қарсы өткен ойын - 2:1 туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Бірінші тайм алаңға дағдылану үшін керек болды. Шабуылда көп нәтижеге қол жеткізе алмадық. Біздің гол соғатын мүмкіндіктеріміз аз болды дер едім. Дегенмен, үзілісте команда ойынды өзгертті, оны ойыншылар түсінді. Соңында олар екі гол соқты. Менің ойымша, біз осы екі голды соғуға жеткілікті мүмкіндіктер жасадық.
Чемпионаттың аяқталуына әлі екі тур бар. Мен реалистпін. Менің ойымша, барлығы реалист. Сондықтан мақсатымызға жету үшін бар күшімізді саламыз.
Ойыншылар мен клуб кәсіби түрде жұмыс істеп, чемпионаттың аяқталуына дайындықты жалғастыруда», - деді Седнев.