«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпионатына қатысады

Қыркүйектің 12-і мен 20-ы аралығында Вьетнамда әйелдер арасында волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталмыш жарысқа қатарынан жетінші рет талдықорғандық «Жетісу» командасы қатысады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Естеріңізге сала кетсек, талдықорғандық команда 2010 мен 2013-ші жылдары жарыстың күміс жүлдегері атанса, 2011 мен 2014-ші жылдары қола медальге ие болған.

Биыл «Жетісу» А тобында Таиланд, Қытай Тайпейі және Вьетнамның командаларымен күш сынасады. В тобында Жапония, Қытай, Филипинн мен Солтүстік Кореяның командалары ойнайды.

Вьетнамға «Жетісу» мына құраммен аттанды: Алия Баткульдина (№1), Татьяна Мудрицкая (№3), Алия Садықова (№4), Ольга Наседкина (№5), Ольга Соболева (№7), Коринна Ишимцева (№8, капитан), Анастасия Миклашевич (№9), Марина Стороженко (№10, либеро), Катерина Татко (№11), Айнагуль Айжарихова (№12), Виктория Емельянчик (№14), Елена Козыряцкая-Середа (№15).

Талдықорғандық команданың ойын кестесі:

12 қыркүйек

«Жетісу» (Қазақстан) – «Бангкок Гласс» (Таиланд)

13 қыркүйек

«Жетісу» (Қазақстан) – «Тайвань Пауэр» (Қытай Тайпейі)

15 қыркүйек

«Жетісу» (Қазақстан) – «Лиен Вьет Пост Банк» (Вьетнам)

ФВРК ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или