«Барыс» ҚХЛ-да кезекті рет жеңіліп қалды

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» «Сибирьге» қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Андрей Скабелка шәкірттері кездесуде 1:2 есебімен жеңілп қалды. Елордалық клуб сапында жалғыз голдың авторы Рудольф Червены атанды.
Барыс (Астана) - Сибирь (Новосибирск) 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)
Шайбалар:
0:1 - Морозов (Ахияров, Бутузов), 00:49
0:2 - Прохоркин, 39:17
1:2 - Червены (Скленичка), 58:20
Қақпашылар: Шутов - Красоткин
Фото: hcbarys.kz