Түрік комментаторы Зайнутдиновке мүмкіндік бермей жүргендерге шүйлікті

Түркиялық спорт комментаторы Бурак Дешер Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов «Бешікташқа» ауысқаннан кейін ойын тәжірибесінің аздығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Match.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сіздер Зайнутдиновті 3-5 минут қана ойнату үшін екі ай бойы жүгірдіңіздер ме?», - деді Дешер.