ГЛАВНАЯ
Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин: Дэвис кубогінде күтпеген нәтиже де болуы мүмкін
Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин: Дэвис кубогінде күтпеген нәтиже де болуы мүмкін
Дэвис кубогінің плей-офф кезеңінде 16-17 қыркүйекте Софияда өтетін матчқа орай Қазақстан және Болгария теннис құрамаларының капитандары өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандықтар капитаны Юрий Щукин қарсыласты бағаламауға жол бермеу керектігін атап өтті.
«Біз алдағы матчқа толықтай дайынбыз. Алдын ала келіп, корт пен осындағы жағдайға бейімделдік. Болгария құрамасы өз көшбасшысы Григор Димитровсыз ойнауы мүмкін, соған қарамастан, құрамы күшті. Дэвис кубогі – командалық ойын, сондықтан күтпеген нәтиже де болуы мүмкін. Біз қолдан келгеннің бәрін жасап, келесі кезеңге өтуге бар күшімізді саламыз», деді Ю.Щукин баспасөз мәслихатында.
Болгария капитаны Валентин Димов Қазақстан құрамасын бәсекенің фавориті деп есептейді.
«Қазақстан мол тәжірибесімен және мықты құрамымен ерекшеленеді. Сондықтан біз оны фаворит деп санаймыз. Димитровтың жоқтығы туралы айтсақ, бәрі де күнтізбеге байланысты. Әлемдік рейтингте жоғары көтерілуге мүмкіндік беретін жарысқа қатыспауға болмайды. Дегенмен жеребеге дейін әлі уақыт бар, нақтысы кейін белгілі болады», деді В.Димов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или