Футбол

«Оқжетпестің» бұрынғы футболшысы 26 жасында қайтыс болды

«Оқжетпестің» бұрынғы футболшысы 26 жасында қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Молдова футбол федерациясы әйелдер құрамасының 26 ​​жастағы қорғаушысы Виолета Мицулдың қайғылы қазасы туралы хабарлады. Спортшы клубтағы әріптестерімен бірге демалып жүргенде Исландия тауларында оқыс оқиға салдарынан қайтыс болған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы жартастан құлап, ауыр жарақат алып қайтыс болды.

Виолета Мицул Молдавия құрамасы сапында 40-тан аса ойын өткізген. 

Виолета Мицул 1997 жылы 3 сәуірде Тирасполь қаласында дүниеге келген. 18 жасында Тирасполь қаласының «Алга» командасы сапында екі рет Молдова кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол «Астана» және «Оқжетпес» (Қазақстан), «Васас Одорхей» және «Банат Герлс» (Румыния), «Восход» (Украина), «Хайяса» (Армения), «Апулия Трани» және «Ла Солана» (Испания) клубтарында өнер көрсетткен.

Оның соңғы клубы Исландияның «Эйнхерьи» командасы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0