Бауыржан Исламхан жасыл алаңға қашан оралады

Бауыржан Исламхан жасыл алаңға қашан оралады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Михаил Габышевпен бірге Германияға ота жасатуға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік «Ордабасы» ойыншысының тізесіне ота жасалады. Бұған дейін тәжірибелі футболшы жарақатына байланысты бірнеше ойынға қатыса алмады. Тамыз айының соңында БАҚ Исламханның маусым соңына дейін алаңға шықпайтыны туралы ақпарат таратқан болатын.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Михаил Габышевке де Германияда ота жасалатыны белгілі болған еді.

Айта кетейік, 7 және 10 қыркүйек күндері Қазақстан Еуро-2024 іріктеуінде Финляндия және Солтүстік Ирландиямен Астанада екі кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или