US Open: Анна Данилина бірінші айналымда сүрінді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина US Open турнирінің жұптық сынында екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз бірінші айналымда британиялық теннисші Хитер Уотсонмен бірге жапония-индонезиялық жұп Мия Като/Алдила Сутджадиден 3:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, кездесу бір сағат он минутқа созылды.