Теннис

US Open: Анна Данилина екінші айналымға жолдама алды

US Open: Анна Данилина екінші айналымға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен бірге бастапқы кездесуін америкалықтар Эмма Наварро – Пейтон Стернспен өткізді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде қазақстандық-ұлыбританиялық жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 3 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

А.Данилина – Х.Уотсон үшінші айналымға шығу үшін жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен таласады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0