АҚШ ашық чемпионатында тағы бір үлкен сенсация орын алды

Қытайлық теннисші Ван Яфан сенсациялық түрде «Үлкен дулыға» турнирі - АҚШ ашық турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
АҚШ ашық біріншілігінің бірінші айналымдағы кездесуінде жарысты іріктеуден бастаған Ван Яфан турнирдің жетінші ракеткасы француз Каролин Гарсиядан 6:4, 6:1 есебімен басым түсті.
Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.
АҚШ ашық чемпионатының үшінші кезеңіне шығу үшін Ван Яфан Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен ойнайды, ол жарыстың бірінші раундында француз Диан Парриден мықты болып шықты - 6:4, 6:0 .