Рамазан Оразов мәлімдеме жасады

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Instagram парақшасында қостанайлық «Тобылмен» қоштасты, деп жазады Prosports.kz.
— Құрметті қостанайлықтар!
Сіздермен де «қош» дейтін кез келді. «Тобылда» аз уақыт ойнасам да, есте қалатын сәттер көп болды. Солардың бірі сіздердің ыстық лебіздеріңіз!
Төрт ай бойы мені қолдап жүріп, Орталық стадионда команданы алға жетелеп, керемет атмосфера жасағандарыңыз үшін үлкен алғысымды айтамын!
Сондай-ақ, клуб басшылығына, бапкерлер штабына, қызметкерлеріне деген ықыласым шексіз! Қош бол демеймін. Көріскенше, Қостанай! Алдағы ойындарға сәттілік тілеймін! Алға, «Тобыл»!