Криштиану Роналду Сауд Арабиясында қамауға алынуы ықтимал

news-banner7
mobile-news-top

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду христиан дініне тән ишара жасағаны үшін жазалануы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz сайтыҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Әл-Наср» мен «Аль-Шорта» Араб чемпиондарының клубтық кубогы аясында матч өткізді. 75-інші минутта Роналду пенальтиде гол соқты және бұл ойын барысындағы жалғыз гол болды (1:0).

Допты қақпаға дөп түсіргеннен кейін Криштиану оң қолымен христиан дініне тән шоқыну ишарасын жасады. Осы әрекеті үшін ол жазаға тартылып, тіпті қамауға алынуы мүмкін. Себебі Сауд Арабиясында христиандыққа қатысты кез келген ым-ишараға тыйым салынған.

Португалиялық ойыншы қамалуы ықтимал деген қауіп бар, бірақ жергілікті билік оны жазаламайды деп күтілуде. Алайда клуб басшылығы сөгіс беруі мүмкін деген болжам жасалып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0