Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасымен кездеседі
Юлия Путинцева WTA 1000 турнирінің негізгі жарысын сәтті бастады.
Әлемдік рейтингте 61-орында тұрған Юлия Путинцева Монреальдағы WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында әлемнің 53-ші ракеткасы, америкалық Бернард Пераны екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жарыстың екінші айналымына өтті.
Енді бүгінгі екінші айналымда Путинцева әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуламен кездеседі.
Елена Рыбакина мен америкалық Дженнифер Брэдидің осы турнирдің екінші айналымындағы матчы жаңбырға байланысты бірінші сеттің соңында үзілді. Есеп - 6:6, ал тай-брейкте америкалық теннисші 4:2 есебімен алда болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или