Қазақстандық боксшылар Өзбекстандағы турнирде екі алтын медаль алды
Ферғанада (Өзбекстан) әйелдер боксынан халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Он екі салмақ дәрежесінде 68 қатысушы бақ сынады.
Қазақстан құрамасы турнирді екі алтынмен аяқтады: Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) пен Әсел Тоқтасын (+81 келі) чемпион атанды. Медальдық есепте Өзбекстан құрамасы көш бастады: жергілікті спортшылар сегіз алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ жеңіс тұғырынан Вьетнам боксшылары көрінді – олардың екі «алтыны» бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или