Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд сөзсіз әлем чемпионы атанды

Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд сөзсіз әлем чемпионы атанды

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында кештің басты жекпе-жегі өтіп, онда америкалық боксшылар Эррол Спенс (28-0, 22 КО) мен Теренс Кроуфорд (39-0, 30 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы cөзсіз әлем чемпионы атағы сарапқа салында: Спенс WBA Super, WBC және IBF титулдарына ие болды, ал Кроуфорд WBO белбеуіне ие болды. Жылдың ең күткен жекпе-жегі он екі раундқа жоспарланған болатын, бірақ Кроуфорд тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Теренс мансабындағы 40-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Спенс кәсіпқой ретіндегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или