Путинцева Германиядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Гамбургте (Германия) өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Қазақстанның екінші ракеткасы Франция өкілі Эльза Жакмоны жеңді.
1 сағат 10 минутқа созылған кездесу 6-2, 6-4 есебімен аяқталды.