Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Бұған дейін қолында баласы бар Қырғызстан азаматына шабуыл жасады деп айыпталған боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алудың ресми порталында хабарланды.
Порталдың хабарлауынша, боксшы екі күннен бері іздестірілуде.
Айта кетейік, Астанададағы сауда орталығында бокстан экс-әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или