Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Барысқа» оралды

«Барыс» хоккей клубы Кирилл Полоховпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Екіжақты келісім бір маусымға, 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.
Бұған дейін қорғаушы алты маусым бойы «Барыс» жүйесінде өнер көрсетті. Кирилл өткен маусымда «Арланда» бақ сынап, 41 матчта (плей-оффты қосқанда) 24 (2+22) ұпай жинады.
Мамыр айында Полохов Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысты.