ҚПЛ клубына ЦСКА түлегі қосылды

30 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Кобзарь «Ақжайықтан» кетіп, «Ақсуға» қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Евгений Кобзарь – Мәскеудің ЦСКА-сының түлегі. Ол ресейлік «Локомотив», «Химки», «Сахалин», «Зенит-Ижевск», эстониялық «Левадия», армяндық «Урарту» және латвиялық «Спартак» командаларында өнер көрсетті.
30 жастағы вингердің соңғы клубы ағымдағы жылдың наурыз айынан бері өнер көрсетіп жүрген «Ақжайық» болды. Ол оралдық клуб сапында барлығы 18 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.
Қазақстанда Кобзарь 2022 жылы «Шахтер» сапында ойнағанымен де танымал. Команда жейдесінде ол 17 кездесу өткізіп, төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.