«Астана» Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

«Астана» Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық «Астана» мен Грузияның «Динамо» (Тбилиси) арасындағы кездесу УЕФА Чемпиондар лигасының 2023/2024 жылғы бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарының ішінде ең көп адам жиналған кездесу болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан астанасындағы «Астана Аренада» өткен ойынға 27 328 адам жиналды.

Еске салайық, бірінші кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. 

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің бірінші турындағы матчтардың ішінде ең аз келгені Гибралтардағы Виктория стадионында өткен Линкольн Гибралтар мен Карабаг Агдам арасындағы жекпе-жек болды. Бұл кездесуге бар болғаны 683 жанкүйер қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0